АУДАН АКТИВІНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

АУДАН АКТИВІНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

АУДАН АКТИВІНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан активімен кездесіп, ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды мемлекеттік құжат – жаңа Конституция жобасының негізгі мазмұны мен басым бағыттарын түсіндірді.

Жиын барысында Ата Заңның мемлекеттілігіміздің құқықтық тірегі ретіндегі рөліне тоқталған аудан басшысы, ұсынылып отырған реформалардың стратегиялық маңызын айқындап берді.

Жаңа Конституциялық реформалардың өзегінде әділеттілік пен адам құқығын қорғау қағидаттары тұр. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға басымдық берілген. Заң үстемдігі мен тәртіп ұстанымдары конституциялық деңгейде бекітіліп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігі күшейтіледі.

"Президент атап өткендей, бұл тағдырлы құжаттың қабылдануы жалпыхалықтық референдум арқылы шешіледі. Бұл – әрбір азаматтың ел ертеңі үшін тікелей жауапкершілік алатын тарихи сәті," – деп атап өтті Ернар Есіркепов.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрсынбек және аудандық Ардагергер кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов өз сөздерінде әділетті қоғам мен қуатты мемлекет құру – тек биліктің емес, бүкіл халықтың ортақ мұраты екенін жеткізді. Конституциялық деңгейде бекітілетін жаңа нормалар заң үстемдігі мен тәртіп ұстанымдарын жаңа сапалық деңгейге көтермек.

Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындарды ел тарихындағы осы маңызды кезеңде азаматтық белсенділік танытуға шақырды.