
Дүниежүзілік сайлау күні аясында ауданның белсенді жастарымен «Сайлаудағы инклюзивтілік: барлығына тең мүмкіндік қамтамасыз ету» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негіздерін түсіндіру, сайлау заңнамасында бекітілген жалпыға бірдей және тең сайлау құқығының маңызын ашу, сондай-ақ әрбір азаматтың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысу құқықтарын кеңінен насихаттау болды.
Кездесу барысында жастардың сайлаудағы рөлі, азаматтық белсенділіктің маңызы, сондай-ақ сайлау үдерісіне барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік жасау мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушыларды қызықтырған сауалдарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, сайлау барысына қатысты кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған дөңгелек үстел сайлау үдерісінің ашықтығын арттыруға, жастардың құқықтық сауаттылығын көтеруге және сайлаушы сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.