Дүниежүзілік сайлау күні!

Дүниежүзілік сайлау күні!

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сайлаудағы тәуелсіздік – қоғамның негізі» тақырыбында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білімгерлері арасында зияткерлік ойын өткізілді.

📝Шара барысында  қатысушылар сайлау үдерісі, азаматтық ұстаным және құқықтық сауаттылық бойынша өз білімдерін сынады.

Ойын қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

🔰Мақсаты Жастар арасында сайлау жүйесі туралы түсінікті арттыру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сайлауға саналы көзқарас пен белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, сондай-ақ білімгерлердің зияткерлік қабілеттерін шыңдау.