АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ СУ ТАСҚЫНДАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтіп, жылыту маусымының өту барысы және көктемгі су тасқындарының алдын алу шараларына дайындық мәселелері қаралды.

Аудан аумағында барлығы 170 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 147 нысан газбен, 22 нысан көмірмен, 1 нысан мазутпен жылытылады.

Жылу беру маусымына дайындықты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің тиісті қаулысына сәйкес комиссия құрылып, әлеуметтік нысандардың дайындығын пысықтау бойынша 7 рет штаб отырысы өткізілді.

Әлеуметтік нысандарда 38 автономды қазандық жұмыс істейді. Қалған нысандар жапсарлас орналасқан немесе модульдік қазандықтар арқылы жылытылуда.

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 74,9 млн теңгеге 2 815 тонна көмірге келісімшарт жасалып, бүгінгі күнге 100 пайыз жеткізілді.

Қазіргі таңда «Құлан Энерго Жылу» КМК аудан аумағындағы 40 қазандыққа қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, аппараттық кеңесте көктемгі су тасқындарының алдын алу шаралары пысықталып, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.