Дүниежүзілік сайлау күні аясындағы кездесу

Дүниежүзілік сайлау күні аясындағы кездесу

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушыларымен және Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларымен танымдық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жастарға сайлау заңнамасының негізгі қағидалары түсіндіріліп, тақырып бойынша викториналық сұрақтар қойылды. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Аталған іс-шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық белсенділігін қалыптастыруға және сайлау процесінің маңызын түсіндіруге бағытталды.