
ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ: ҚЫСҚЫ УАҚЫТТАҒЫ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімдігінде қысқы кезеңдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру мәселелері тұрақты бақылауда.
Басты мақсат – аудан жолдарының ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау.
Осы бағытта аудан аумағындағы барлық санаттағы, жалпы ұзындығы 665,48 шақырымды құрайтын жолдар бойынша қысқы маусымға дайындық жұмыстары толық дайындалған.
Аудандық маңызы бар жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 7 арнайы техника тартылып, 280 тонна құм-тұз қоспасы әзірленді.
Облыстық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 8 арнайы техника және 550 тонна инертті материал жұмылдырылды.
Республикалық маңызы бар жолдарда қысқы кезеңде жолдардың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында 14 арнайы техника және 2900 тоннадан астам инертті материал дайындалды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қосымша техникаларды тарту үшін жергілікті кәсіпкерлермен алдын ала келісімдер жасалған.
Қоймаларда жанар-жағармай мен инертті материалдардың жеткілікті қоры бар, барлық техника толық техникалық тексеруден өткізілді.
Қазіргі таңда жолдарды қардан тазалау бойынша жауапты мекемелер жоспарға сәйкес жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, қажетті шаралар қабылдануда.
Аудан әкімдігі тұрғындарды жолдағы сақтық шараларын сақтауға, ауа райы болжамын ескеруге және жауапты қызметтердің ескертулеріне құлақ асуға шақырады.