ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ЖАРЛЫСУЛЫҚТАРДЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕДІ

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ЖАРЛЫСУЛЫҚТАРДЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕДІ

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ЖАРЛЫСУЛЫҚТАРДЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Жарлысу ауылында болып, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің жай-күйін зерделеді.

Жалпы өткен жылы аталған ауылдағы ауыз су имаратына заманауи сүзгі қондырғысы орнатылып, 197 түтін су есептегіш құралдарымен толық қамтылды.

Зерделеу барысында Ернар Есіркепов ауыл тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша пікірлерін тыңдады.

Жалпы тұрғындарды тіршілік нәрімен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі алдағы уақытта да тұрақты бақылауға алынып, тиісті шаралар іске асырылатын болады.

Одан бөлек аудан басшысы А.Шынасилов атындағы орта мектеп-интернаты мен Көкдөнен ауылындағы бұрынғы әкімдік ғимаратының жай-күйімен де танысты