
АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВТІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарға биылғы жылдың алғашқы жеке қабылдауын өткізіп, қайырылушылардың баспана кезегі, жер, жұмыспен қамту, әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, бұқаралық спортты қолдау туралы өтініш-тілектері қарап, қолданыстағы заңнама аясында нақты түсініктемелер берді.
Жалпы аудан басшысы өткен 2025 жылы барлығы 38 жеке қабылдау өткізіп, 190 азаматтың 209 мәселесі қараса, нәтижесінде 145 хаттамалық тапсырма беріліп, 77 мәселе оң шешімін тапты