
📢Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарына
Құрметті азаматтар!
💨Қыс мезгілінде Жамбыл облысында боран, көктайғақ және қалың қар салдарынан облысаралық және республикалық маңызы бар автожолдар жиі жабылады.
Мұндай жағдайда жолға шығу – өміріңіз бен денсаулығыңызға төнетін үлкен қауіп.
❗️Жабық жолдармен жүруге заң бойынша тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген:
Жаза:
•30 АЕК мөлшерінде айыппұл (2025 ж. – 117 960 теңге, 2026 ж. – 129 750 теңге)
немесе
•15 тәулікке дейін әкімшілік қамақ.
•Қайталанған құқықбұзушылық үшін — 20 тәулікке дейін әкімшілік қамақ.
•Әкімшілік қамақ қолданылмайтын тұлғалар үшін (жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар, I–II топтағы мүгедектер, қарт адамдар) — 50 АЕК айыппұл.
⛔️Қыстың әр маусымында құтқарушылар жабық трассаға шығып, боранда қалып қойған адамдарды құтқарады.
Сіздерден сұраймыз:
✅Жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елемеңіздер.
✅Жолдардың жағдайы туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіздер.
✅Құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің талаптарын орындаңыздар.
✅Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
✊🏻Сіздердің қауіпсіздігтеріңіз – біздің басты міндетіміз.