
АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аудан әкімі өлкенің аграрлық секторында еңбектеніп жүрген шаруалармен кездесу өткізіп, аталған саланың қазіргі жағдайын, алдағы жоспарларды және өзекті мәселелерді талқылады.
Бүгінде аудан бойынша 1476 шаруашылық тіркелген. Оның ішінде 500-ге жуығы – таза егін шаруашылығымен, қалғаны егін мен мал шаруашылығын қатар дамытып отыр.
Ауданның жалпы жер қоры 908 691 гектарды құрайды. Оның 761 605 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болып табылады.
Кездесу барысында аталған жерлерді мақсатты пайдалану, игерілмей жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, зиянкестермен жүйелі күрес жүргізу және аудан аумағында іске асырылатын инвестжобалардың әлеуетін пайдалану мәселелері талқыланып, алдағы мақсат-міндеттер сараланды.
Қазіргі уақытта аудан аумағында жалпы құны 42 млрд теңгені құрайтын 14 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде 7 жоба тікелей ауыл шаруашылығы саласына тиесілі екендігін аудан басшысы өз сөзінде атап өтті.