АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗІНДІК КІРІСТІ ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Аудан әкімі Ернар Есіркепов ауданның өзіндік кірістерін ұлғайту және инвестициялық жобалардың орындалу барысына арналған аппараттық кеңес өткізді.
Ауданның қазіргі өзіндік кірісі 4,4 млрд теңгені құрап отыр. Бұл – ауданның экономикалық мүмкіндігінің негізгі көрсеткіші. Алдағы мақсат – осы көрсеткішті кезең-кезеңімен арттырып, аудан бюджетінің тұрақтылығын және әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын толық қамтамасыз ету болып табылады.
Кеңес барысында аудан басшысы келесі жылға арналған бюджет жобасы, ауылдық округтердің кіріс көздеріне жүргізілген талдау қорытындылары, сондай-ақ бюджетті арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарды саралап, жергілікті деңгейде түсімдерді көбейту, кәсіпкерлік белсенділікті қолдау және жаңа жобаларды жүзеге асыру бағытындағы мақсат-міндеттерді айшықтады.