Т.Рысқұлов ауданында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған сатылай оқыту өткізілді.

Т.Рысқұлов ауданында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған сатылай оқыту өткізілді.
Оқыту барысында сайлау процесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары, құқықтық талаптар, құжаттамамен жұмыс істеу, сондай-ақ дауыс беру күні атқарылатын міндеттер жан-жақты түсіндірілді.
Шара соңында тыңдаушылардың білімін бекіту мақсатында тест өткізілді.
Мұндай оқыту жұмыстары комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттырып, сайлау процесінің сапалы әрі ашық өтуіне ықпал етеді.