
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ СИМВОЛЫ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды мерекелік марапаттармен салтанатты түрде марапаттады.
Өз құттықтау сөзінде аудан басшысы мерекенің ел өміріндегі маңыздылығына тоқталып, барша тұрғындарға ізгі лебізін білдірді:
Құрметті аудан тұрғындары!
Ардақты ағайын!
Сіздерді Егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы орындалып, мемлекетіміздің дербес даму жолына түскенін айғақтайтын тарихи мереке. Республика күні – ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, берекесі мен жасампаз рухының символы.
Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, ел игілігі жолындағы еңбегіне адалдық танытып келе жатқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздердің еңбектеріңіз – туған жердің дамуы мен ел мүддесіне қызмет етудің айқын көрінісі.
Елдік мақсат-мұрат жолындағы әр бастамаңыз сәтті болып, еңбектеріңіз табысқа толы болсын!
Жылдан жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік және Ұлттық бірлік нығая берсін!
Мереке құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!