РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ ИМАРАТТАРЫ АШЫЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ ИМАРАТТАРЫ АШЫЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ ИМАРАТТАРЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Республика күніне орай Қайыңды ауылдық округінің қос елді мекенінде — Сөгеті және Мамай ауылдарында жаңа ауыз су нысандары халық игілігіне пайдалануға берілді.

Бұл — жарты ғасырға жуық уақыт бойы ауыз суды тасып пайдаланып келген тұрғындар үшін көптен күткен қуанышты әрі әлеуметтік маңызы зор оқиға.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абуталипов қатысып, ауыл жұртшылығын ұлттық мерекемен және жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.

Аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға қарай ел халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту міндетін іске асыру бағытындағы жұмыстар ауданда жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асқан аталмыш жобалардың жалпы құны 1 миллиард теңгеден асады. Бұл — тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың соңына дейін Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабында, сондай-ақ Шөңгер және Ақбұлақ ауылдарында да дәл осындай жаңа ауыз су нысандары пайдалануға берілетін болады