2025 жылдың 6 қазанында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданында аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинары болып өтті.
Семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппараттарының басшысы, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудандық жергілікті полиция қызметінің өкілі, аудандық прокуратура өкілі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өтті.
Семинар-тренингтің мақсаты – сайлауды ұйымдастырудағы теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқу-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы ашып, оқыту-семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті.
Оқыту-семинар үш бөлімге бөлінді, бірінші бөлім түске дейін топтарға бөлініп викториналық сұрақтарға жауап беріп, кейстерге талдаулар жүргізу, екінші бөлім Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қысқаша дәріс оқып, болған жағдаяттарға байланысты кейстік жұмыстар жүргізу, үшінші бөлім, оқылған тақырыптарды бекітуге бағытталған тест сұрақтары мен кері байланыс сауалнамасын жүргізу.
Семинардың бағдарламасына сәйкес, учаскелік сайлау комиссия мүшелері 14 топқа бөлініп викториналық сұрақтарға жауап беріп, біліктілігі және жүйріктігімен жарысқа түсті.
Бөлінген топтарға кейстік сұрақтар беріліп, топ арасынан лидерлер жауап беріп облыстық сайлау комиссия мүшелерімен талқылап отырды.
Семинардың екінші бөліміне сәйкес облыстық сайлау комиссия мүшелері «Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері», «Сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу, үгіт, ұлттық байқау мәселелері және әлеуметтік желілерді әкімшілендіру», «Сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі: алдыңғы науқандарды өткізудің кейбір мәселелері, дағдарысқа қарсы коммуникациялар, кейстік жағдаяттарды шешу», «Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында және өзге де заңдарда қаралған жауапкершіліктер» тақырыптарында қысқа дәрістер оқып, сайлау науқаны кезеңдері мен дауыс беру процесі кезінде туындайтын кейстік жағдайларды қатысушылармен талқылады.
Бағдарламаның үшінші бөлімінде барлық оқылған тақырыптарды практикалық жағынан бекітіп, тест пен сауалнама алынды.