ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚАРАЖАН БАЙКЕЕВТІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Ернар Есіркепов аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлымен бірге Луговой ауылының тұрғыны, зейнеткер Қаражан Байкеевтің шаңырағында болып, айтулы мерекемен құттықтады.
Еңбек жолын 1957 жылы қарапайым жұмыскер ретінде бастаған абзал қария, бүгінде 6 баладан 8 немере, 1 шөбере сүйіп, 84 жасында ардақты ата атанып отыр.
Айтулы мерекеге орай, аудан басшысы ардагерге денінің саулығын, әулетінің амандығын тілей отырып, ақ батасын алды.