1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Аудан әкімі Ернар Есіркепов 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, аудан ардагерлерін айтулы күнмен құттықтады.
Бұл күн – өмірлік тәжірибесі мен парасатын жас ұрпаққа үлгі етіп келе жатқан ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға деген құрметтің айшықты көрінісі.
Ардагерлер – ел тарихының куәгері, өнегелі өмірдің иесі. Олардың даналығы мен тәлімді сөзі, еңбегі мен ерлігі жас ұрпақ үшін әрқашан жол көрсетуші болып қала береді.
Аудан басшысы өз сөзінде ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілеп, олардың қоғамдық істерге белсене араласуы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.