Қарттар – өмірдің алтын қазынасы, ұрпаққа өнеге болар асыл қазынамыз. Осыған орай, аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым аман-сау жүрші» атты аудандық өнерлі ардагерлер байқауы өтті.
Іс-шараны аудандық ардагерлер кеңесі мен белсенді өмір сүру орталығы бірлесе ұйымдастырды. Байқау төрт бағытта өтті: вокал, аспапта орындау, хор және хореография. Ардагерлеріміз сахнада өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жеңімпаздар марапатталып, қарттарға деген құрмет ерекше көрініс тапты. Мерекелік кеш барлық қатысушыларға қуаныш пен рухани шабыт сыйлады.