ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТӘРБИЕСІНЕ БҮКІЛ ҚОҒАМ АТСАЛЫСУЫ ТИІС

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТӘРБИЕСІНЕ БҮКІЛ ҚОҒАМ АТСАЛЫСУЫ ТИІС

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТӘРБИЕСІНЕ БҮКІЛ ҚОҒАМ АТСАЛЫСУЫ ТИІС

Бүгін аудан әкімдігінде Ернар Есіркеповтің төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңеске аудандық мәслихаттың төрағасы, ардагерлер мен аналар кеңестері, қоғамдық кеңес, сондай-ақ білім бөлімі, полиция бөлімі және прокуратура өкілдері қатысты.

Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, білім беру сапасын арттыру және педагогтардың этикасы мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бүгінде ауданда 22 398 кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Оның ішінде 14 159-ы мектепте, 339-ы колледжде білім алуда. Олардың тәрбиесімен 1 044 педагог айналысады.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия 16 отырыс өткізіп, 30 мәселені қарады.

Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін 25 маманнан құралған 5 мобильдік топ 72 рейд жүргізді. Соның нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген 421 жасөспірім анықталып, ата-аналарына 92 әкімшілік хаттама толтырылған.

Кеңес соңында аудан басшысы кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне бүкіл қоғам болып атсалысу қажеттігі атап өтіп, қоғамдық кеңес, ардагерлер мен ата-аналар кеңестерімен бірлескен іс-шараларды күшейту қажеттігі тапсырылды.