АУДАН ӘКІМІ КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Президент Жарлығына сәйкес Ернар Есіркеповтің кезекті халықпен кездесуі Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындарымен жалғасып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы және округте алдыңғы кездесулерде көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланды.

Ағымдағы жылы Көкдөнен ауылдық округін абаттандыруға бюджеттен 41,5 млн теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, Жақсылық ауылындағы Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектеп жоба құны 366 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Кездесу барысында округ тұрғындары көше жолдарын жөндеу, Жақсылық ауылына тал егу, қоғамдық көлік санын арттыру, егістік суларын реттеу мәселелерін көтерді. Аталған мәселелердің бірқатары шешімін тауып, қалғандары түпкілікті шешілгенге дейін бақылауға алынды.

Сонымен қатар, жиында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді тиімді игеру, жергілікті жерлерде туындайтын мәселелерді шешудегі тұрғындар мен қауымдастықтардың белсенділігі сынды өзекті тақырыптар да талқыланды.

Кездесу соңында аудан басшысы 5 азаматы жеке сұрақтарымен қабылдап, еңбек қатынастарын реттеу, баспана және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша тиісті заң шеңберінде түсіндірулер мен жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берді.