ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ КӨГЕРШІН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ КӨГЕРШІН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ КӨГЕРШІН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің Президент Жарлығына сәйкес Көгершін ауылындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кезекті 23-ші кездесуі өтті.

Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы және Көгершін ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.

Көгершін ауылдық округін дамытуға 2025 жылға 198,0 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражат есебінен жолдарды орташа жөндеу және округті абаттандыру жұмыстары іске асырылуда.

Кездесу барысында тұрғындар мал жайылымы, мал суару, ауыл маңындағы қоқыс және ауыл емханасын үлкейту мәселелерін көтерді.

Ауылдық округтің елді мекен жайылымына жалпы 4626 гектар жер телімі белгіленсе, одан бөлек округтегі шаруа қожалықтарымен 10 мың гектар жерге меморандум жасалып, ауыл тұрғындарының топтасып шалғай жатқан жайылым жерлерді пайдалануға мүмкіндік жасалып отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді тиімді игеру – ауыл шаруашылығын дамытудағы аса маңызды міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданымызда жүйелі түрде жүргізілуде: былтырғы жылы пайдаланылмай жатқан 46 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл да осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Осы тұста жергілікті жерлерде туындайтын өзекті мәселелерді шешуде, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және «Таза Қазақстан» сияқты экологиялық бастамаларды тиімді іске асыруда әрбір азаматтың, тұрғындар мен қауымдастық мүшелерінің белсенді атсалысуы айрықша маңызды екендігі түсіндіріліп, округ тұрғындарын ортақ мүдде жолында бірлесе еңбек етуге бағытталған шаралар пысықталды.