АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, 4 азаматтың өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыспен қамту, баспана және мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері көтерілді. Түскен өтініштердің 2-і сол сәтте шешімін тапса, қалған 3 мәселе қосымша зерделеуді қажет ететіндіктен аудан басшысының жеке бақылауына алынды.

Жалпы бұл – аудан әкімі Ернар Есіркеповтің жыл басынан бері өткізген 18-ші жеке қабылдауы. Халықпен кездесулерді қоса есептегенде, осы уақытқа дейін 108 азамат қабылданып, 106 мәселе көтерілген.

Оның ішінде 77 мәселе бойынша нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп, бүгінгі күні 44-і толық шешімін тапты, 16-сы орындалу үстінде, 17 мәселе бақылауға алынған.