АУДАН БАСШЫСЫ ҚҰМАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан басшысы Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Құмарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен биылғы жылға арналған негізгі жоспарлар баяндалды.
Өткен жылы округке 118,4 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, оның аясында үш көшенің автожолдары жөнделіп, бір көшеге түнгі жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ, Құмарық ауылындағы орталық саябақ абаттандырылды.
Биылғы жылы округті дамытуға 53,6 млн теңге қарастырылып, қазіргі таңда Құмарық және Қаракемер ауылдарында балалар ойын алаңдары мен шағын футбол алаңын орнату, сондай-ақ Құмарық пен Алғабас ауылдарындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерді ағымдағы жөндеуден өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік қызметін жандандыру, таудан келетін ағын сумен егістік алқаптарын тұрақты қамтамасыз ету, интернет жылдамдығын арттыру, иесіз иттерге қатысты шаралар қабылдау, көшелерді асфальттау және жарықтандыру мәселелері көтерілді. Барлық сұрақтарға заңнама аясында тиісті түсініктемелер беріліп, бірқатар ұсыныстар аудан басшысы Ернар Есіркеповтің бақылауына алынды.