ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры лауазымына Шарипов Турарбек Нұрлыбекұлы тағайындалды.

Турарбек Нұрлыбекұлы 1991 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.

2009–2013 жылдары Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша білім алып, кейін Қазақ қатынас жолдары университетінде техника ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген.

Сондай-ақ, 2021–2024 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Энергетика және электр техникасы» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасын аяқтаған.

Еңбек жолын 2011 жылы бастаса, 2013 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласында өндірістік оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы, кейін колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Колледждің жаңа басшысын ұжымға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил таныстырып, жауапты қызметінде сәттілік пен табыс тіледі.

Айта кету керек, Құлан агротехникалық жоғары колледжі – өңіріміздегі техникалық және аграрлық сала бойынша мамандар даярлайтын іргелі оқу орны.

Қазіргі уақытта колледждің 394 студенті 12 мамандық, 23 біліктілік бойынша білім беру қызметімен айналысуда.