АУДАН ӘКІМІ АҚНИЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ АҚНИЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ АҚНИЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Ақниет ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарларды баяндады.

Жалпы өткен 2024 жылы округ аумағында бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, Д.Қонаев ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, ғимаратқа газ тартылды. Сонымен қатар білім беру ошағы жөнделіп, жеке балабақша ашылды, балалар ойын алаңшалары орнатылды, көшелер жарықтандырылды. «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстары және Әбілхайыр ауылына орталықтандырылған ауыз су жүйесі жүргізілді.

Ағымдағы жылы Құмарық–Юбилейное бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың 10 шақырымын жөндеуге 556,8 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар тұрғындар сұранысына сәйкес Д.Қонаев ауылындағы «Болашақ» көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылып, «Бірлік» көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынуда.

Кездесуде Ернар Есіркепов тұрғындар тарапынан көтерілген жол, медициналық пункт, аялдама және арка орнату мәселелеріне байланысты заң аясында түсініктемелер беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алды.

Кездесуден кейін аудан басшысы жол жөндеу учаскесіне барып, тиісті сала басшыларына құрылыс барысына қатысты нақты тапсырмалар жүктед