АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕДІ

АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан көлемінде іске асырылып жатқан бірқатар жобалардың орындалу барысын зерделеді.

Атап айтқанда, Жақсылық ауылындағы Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанда болып, құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ Құлан ауылындағы «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы аясында жөндеуден өткен И.Панфилов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ауласындағы абаттандыру жұмыстары мен жаңа модульдік жылу жүйесін орнату бағытындағы алаңдарды белгілеу мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, Құлан ауылындағы өзекті бірқатар жобалардың орындалу жай-күйін зерделеп, жауапты бөлімдерге нақты міндеттер жүктеді.