АУДАН ӘКІМІ ҚҰЛАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕДІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалардың орындалу барысын зерделеді.
Атап айтқанда, жоба құны 500 миллион теңгеден асатын «ERA GROUP» жеке инвестициялық жоба – көпбейінді демалыс (мейрамхана) кешені құрылысының басында болып, жоба инвесторымен құрылыс барысы және алдағы жоспарлар бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.
Одан бөлек, бірқатар іске асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысын зерделеп, тиісті тұлғаларға жұмыстың уақытылы және сапалы орындалу қажеттігін тапсырды