АУДАН ӘКІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан көлемінде осы салада абыроймен еңбек етіп жүрген журналистер мен ақпарат саласының өкілдерін шын жүректен құттықтады.

Журналистика – тек ақпарат таратушы құрал ғана емес, ел мен елдің, халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір. Бұл – шынайылық пен жауапкершілікті, кәсіби шеберлік пен терең білімді талап ететін ерекше мамандық. Қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етіп жүрген қалам иелерінің еңбегі – мемлекет дамуының мызғымас тіректерінің бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқаратын күш екендігі анық.

Осы орайда аудан әкімі өз құттықтауында:
– Аудан өмірінің тыныс-тіршілігін шынайы әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп келе жатқан қаламгерлер қауымына зор алғысымды білдіремін. Бұл салада еңбек етіп жүрген әріптестеріміздің кәсіби мерекесі құтты болсын! Шығармашылық табыс, мықты денсаулық, толағай жетістіктер тілеймін, – деді.

Сонымен қатар биыл аудан жұртшылығы үшін ерекше жыл – өңірдің рухани айнасына айналған «Құлан таңы» газетінің жарық көргеніне 85 жыл толып отыр.

Газет тарихы – ардагер қаламгерлердің маңдай терімен жазылған еңбек жолы. Басылымның қалыптасуында Әбсаттар Мәдіғұлов, Сағат Арынов, Оспанбек Хатиев, Тұрсынхан Жаманбаев, Серікбай Өтегенов сынды журналистер мен бас редакторлардың сіңірген еңбегі ерекше.

Бүгінде де бұл басылым ел мүддесіне қызмет етіп, ауданның маңызды ақпараттық алаңы ретінде өз миссиясын абыроймен атқарып келеді.