ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі әйел азаматшаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар, мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік әрі психологиялық тұрғыда қолдау шаралары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбие бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, әкелер мен аналар мектептерінің қызметін жетілдіру, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында» көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында қабылданып жатқан және алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар барысы қаралды.
Комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында нақты ұсыныстар айтылып, жауапты сала жетекшілеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.
Аудан көлемінде отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау тетіктерін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.