ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил округ әкімдері мен тиісті бөлімдердің қатысуымен әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді.
Кеңесте үстіміздегі айдың 19 күні өтетін мектеп бітіруші түлектерді аттестаттау рәсіміне байланысты кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік шерулеріне жол бермеу және мерекелік отырыстарды ұйымдастырмау шараларын бақылау бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, округ әкімдеріне жазғы шомылу маусымында балалар қауіпсіздігін сақтау, әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және жергілікті деңгейде қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі ескертіп, «Құлан – мәдениет мекені» тұжырымдамасының іске асырылуын пысықтады.