АУДАН АУМАҒЫНЖАҒЫ ӨРТ МАУСЫМЫ МЕН ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАН АУМАҒЫНЖАҒЫ ӨРТ МАУСЫМЫ МЕН ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАН АУМАҒЫНЖАҒЫ ӨРТ МАУСЫМЫ МЕН ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерғазы Еспеновтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтіп, онда өрт қаупі жоғары маусым кезеңінің өту барысы мен зиянкес үйірлі шегірткелерге қарсы күрес жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

2024 жылғы 14 сәуірде аудан әкімінің өкімімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулы шығып, кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған сәйкес ауданға қарасты 15 ауылдық округте жалпы саны 150 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылды. Барлық жасақтар арнайы құрал-жабдықтармен және қажетті қорғаныс киімдерімен толық қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, дереу әрекет ету қабілеттерін пысықтау мақсатында «Өрт-2025» командалық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, оған 110 адам мен 20 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, бүгінде зиянкес үйірлі шегірткелердің ошақтарын жою бағытындағы жұмыстар толығымен аяқталды. Атап айтқанда, марокко шегірткесі таралған 0,796 гектар және итальян шегірткесі анықталған 4,225 гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізіліп, залалсыздандыру шаралары жүзеге асырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерғазы Еспенов жауапты мекемелерге өртке қарсы қауіпсіздік шараларын тұрақты бақылауда ұстауды, сондай-ақ шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын назарға алуды тапсырды.