
Абиков Суйеу Базарбекович
Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 15 сәуірдені №16 хаттамасы негізінде аудан әкімінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 125-ө/жқ өкімімен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы
болып тағайындалды
1981 жылдың 16 қазанда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Подгорный ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми дәрежесі - «техника ғылымдарының кандидаты». 2005 жылы Орталық Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
Алғашқы еңбек жолын 2007 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Түсті металдар металлургиясы» кафедрасының ассистенті;
2009-2012 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Түсті металлургия» кафедрасының оқытушысы;
2012-2014 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ғылым және инновация Департаментіне қарасты ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің бастығы;
2014-2018 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ғылым және инновация Департаменті директорының орынбасары;
2018-2019 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің келісім-шарттық зерттеулер Кеңсесінің директоры;
2025 жылдың қаңтар айынан 2026 жылдың 16 сәуірге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру- инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы болып лауазымын атқарған.