Меню
Страницы

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Нұрғалиев Бауыржан Қамарғалиұлы аудан әкімінің өкімімен Т. Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Бауыржан Қамарғалиұлы 1990 жылғы 9 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылында дүниеге келген.

2012 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылдың маусым айында Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында көмекші қызметкер ретінде бастаған.

2013 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде инспектор;

2013–2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының жетекші маманы;

2014–2016 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инспектор-статистигі;

2016–2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономика салаларын талдау және жоспарлау секторының бас маманы;

2019–2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының инвестиция және индустриялық-инновациялық дамыту бөлімінің басшысы;

2020–2022 жылдары «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның жобаларды сүйемелдеу департаментінің маманы, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бас маманы, тұрақтандыру қоры басқармасы департаментінің бас маманы;

2022–2023 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің бас инспекторы;

2023 жылдың тамыз айынан 2026 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет атқарған.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты