Т.Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов  аудандық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

 

Т.Рысқұлов  ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-бабының 1 тармағы 1,2 тармақшасына сәйкес  Т.Рысқұлов  аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ          ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов ауданында 2021 жылғы 12 қыркүйекке сайлау тағайындалсын:

- Луговой ауылдық округінің әкімі;

- Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі.

  1. 2021 жылғы 12 қыркүйекке тағайындалған Т.Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Құлан таңы" газетінде жариялансын.

 

 Т.Рысқұлов аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                          М.Тлепов

 

       Т.Рысқұлов аудандық сайлау

комиссиясының хатшысының

 м.у.а.                                                                                     А.Әлпеисов

                                                         

          Құлан ауылы

2021 жылғы 13 тамыз

№ 15

Т.Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау
Дата публикации
13 августа 2021