Т.Рысқұлов ауданында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Қайыңды ауылдық округі әкімі – Қайыңды сайлау округіне қарасты  Қайыңды, Мамай-Қайыңды, Сөгеті ауылдары  №328, №487 сайлау учаскелерімен.

2) Тереңөзек ауылдық округі әкімі – Тереңөзек сайлау округіне қарасты Тереңөзек, Көкарық, Шолақ-Қайыңды ауылдары №329 сайлау учаскесімен.

3) Ақыртөбе ауылдық округі әкімі- Ақыртөбе сайлау округіне қарасты Ақыртөбе, Малдыбай ауылдары  №330, №333 сайлау учаскелерімен.

4) Өрнек ауылдық округі әкімі – Өрнек сайлау округіне қарасты Өрнек, Жарлысу, Сұңқайтты, Әбжапар, Сәлімбай ауылдары  №331, №332, №345, №485 сайлау учаскелерімен.

5) Абай ауылдық округі әкімі – Абай сайлау округіне қарасты Еңбекші, Көкарық ауылдары №346 сайлау  учаскесімен.

6) Қарақыстақ ауылдық округі әкімі – Қарқыстақ сайлау округіне қарасты Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ ауылдары №347, №348, №349, №350 сайлау  учаскелерімен.

7) Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі – Жаңатұрмыс сайлау округіне қарасты  Жаңатұрмыс ауылы №351 сайлау  учаскесімен .

8) Қорағаты ауылдық округі әкімі – Қорағаты сайлау округіне қарасты Қорағаты, Аққайнар, Мамыртөбе, Тойқұдық, станция Қорағаты ауылдары №352  сайлау учаскесімен.

 

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып,Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық " Құлан таңы". газетінде жариялансын
Т.Рысқұлов ауданында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
25 июня 2021