
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында"Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен
16.04.2025ж. сағ 11:00-де ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.Кездесу барысында "Қоғамда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру" жобасы аясында елімізде сыбайлас жемқорлық пен күрес
бүгінгі күннің күрделі мәселесі екені, адамдардың жемқорлыққа бару себептері
мен оның зардабы туралы пікір алмасты. Келесіде сөз алған Ауыл әкімі Ерсайын Қуандық
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық азаматтың міндеті" деп іс-қимылды әркім өзінен
бастауы керек, сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын құру маңызды деп ой түйді.