1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Бүгін қарттарымызға деген құрметтің ерекше күні.
Жаңатұрмыс ауылының ардақты ата-апаларын әкімдік атынан үйлеріне барып арнайы құттықтап, жылы лебізімізді білдірдік.

Сіздер – ауылымыздың қазынасы, өмірлік тәжірибе мен даналықтың сарқылмас бұлағысыздар.
Алдыңғы буынға құрмет көрсету – біздің басты парызымыз.

Барша қарттарымызға зор денсаулық, амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!