Тереңөзек ауылдық округінде жаздық арпа егу жұмыстары жүргізілуде

Тереңөзек ауылдық округінде жаздық арпа егу жұмыстары жүргізілуде

        Тереңөзек ауылдық округінде көктемгі егістік дала жұмыстары аясында жаздық арпа дақылдарын егу барысы қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстардың орындалу барысымен округ әкімі Қанат Смат Төлеуұлы арнайы барып, танысты.
        Әкім “Жиенбет” , “Береке”, “Жамбыл БТТ” және “Макпал” шаруа қожалықтарының егіс алқаптарын аралап, көктемгі науқанның барысын көріп қайтты. Шаруашылықтарда тұқым себу жұмыстары агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп жатыр.