Тереңөзек ауылдық округінде «Ана – бақыттың бастауы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті

Тереңөзек ауылдық округінде «Ана – бақыттың бастауы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті

         8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Тереңөзек ауылдық округінде «Ана – бақыттың бастауы» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – аналардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеп, оларға құрмет көрсету, мерекелік көңіл күй сыйлау болды.
           Мерекелік кешке Тереңөзек ауылының 150-ден астам аналары мен әжелері қатысты. Шара барысында Тереңөзек ауылының әкімі Смат Қанат Төлеуұлы жиналған аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, тілегін білдірді.
        Сондай-ақ, 1980 жылғы азаматтардың демеушілігімен аналарға арнайы сый-сияпаттар табысталды.
        Кештің көркін «Шаттық» би тобы, «Әжелер» тобы және хор ұжымы өз өнерлерімен қыздырып, әсем ән мен мың бұралған билерін тарту етті. Көрермендерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды.
         Шара соңында ауылдың ақ жаулықты әжелері ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.