Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі және келесі 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам, инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар. Кандидат тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы тиіс.
Президенттік жастар кадрлық резервіне үміткерлер бірқатар талаптарға сәйкес келуі қажет, соның ішінде жасы 35-тен аспауы, Қазақстан Республикасының азаматтығы, жоғары білім, белгілі бір жұмыс тәжірибесі және мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгеруі қажет.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 мен 30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы сайтында онлайн режимде жүргізіледі.
Соңғы кезең – Ұлттық комиссияның отырысында Президенттік жастар кадрлық резервіне 50 кандидатты қабылдау туралы шешім қабылданады.