Өрнек ауылдық округінде оқушылар мен жасөспірімдер арасында жолда жүру ережелерін насихаттау және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара ауылдық округ әкімдігі және жастар ісі жөніндегі инспектордың ұйымдастыруымен өтті.
Аталған іс-шара аясында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жарық шағылыстырғыш элементтердің маңызы және жол апаттарының алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері мен ұстаздар балалармен интерактивті сұхбаттар өткізіп, көрнекі құралдар арқылы жолда жүрудің дұрыс тәсілдерін көрсетті.
Мектеп ауласында шағын практикалық жаттығулар ұйымдастырылып, оқушыларға "жол белгілерін тану", "қауіпсіз өткелден өту" және "велосипедпен жүру ережелері" секілді негізгі тақырыптар түсіндірілді. Балаларға жол қауіпсіздігіне қатысты бейнероликтер көрсетіліп, викториналар арқылы білімдері пысықталды,мұндай шаралар балалардың жол қозғалысы ережелеріне деген жауапкершілігін арттыруға және болашақта жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.