Өрнек ауылдық округі әкімшілік ғимаратында ауылдық округтің қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді алушылардың өтініштерін қабылдайды. «Сондай-ақ қазіргі уақытта егов электрондық порталы арқылы да тегін 10 сотық жерді алу үшін онлайн кезекке тұруға болады. Ол үшін өтінім беру процесі автоматтандырылды.
Ол үшін не істеу керек:
1) Е-Gov.kz порталына кіресіз;
2) «Жылжымайтын мүлік», содан кейін «жер қатынастары» бөлімін таңдаңыз.
3) «Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке қою немесе қарау» (10 сотық) қызметін басыңыз.
4) «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтесіз. Енді келесі қадамға көшсек:
Алдымен өтініш түрін таңдау керек сосын кезекке қою- облысты, ауданды, ауылдық округті, ауылды таңдап, деректерді өзектендіру-кезекті тексеру үшін тиісті түймені басу керек. Сосын ЭЦҚ өтініміне қол қойып, кезекке қою туралы хабарлама аласыз.Өтінімді қалыптастыру 5 минуттай уақыт алады» т.б жергілікті деңгейде қажетті көмек көрсетеді. Бұл қызметтер тұрғындардың мемлекеттік қолдау мен қамқорлық алуын жеңілдетеді.Сонымен қатар, ауыл округтерінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерде дамып келеді. Бұл ауыл тұрғындарының үйінен шықпай–ақ мемлекеттік қызметті алуына мүмкіндік береді, сонымен қатар уақыт пен ресурстарды үнемдеуге жағдай жасайды. Қорытындылай келе, ауыл округтеріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, өмір сапасын арыттыруға сондай –ақ елдің ауылдық аймақтарын дамытуға үлкен үлес қосады.