Луговой ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Луговой ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

2025 жылғы 30 сәуір күні Луговой ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шара ауыл тұрғындарының басын қосып, бірлік пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте ұғындырды.

Мерекелік кешті Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен ауыл әкімінің орынбасары ашып, жиналған жұртшылықты атаулы күнмен құттықтады.