Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тобы Луговой ауылына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Қ. Исмаил бастаған топ жиын барысында жас буынның денсаулығын нығайту, оларды құқықбұзушылықтан қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.