Луговой ауылындағы “Түрксіб” теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Луговой ауылындағы “Түрксіб” теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Луговой ауылы тұрғындарының көптен күткен мәселесі – “Түрксіб” теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары ресми түрде бастау алды.

Жобаның алғашқы кезеңіне арнайы іссапармен келген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты және жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме ЖШС «Интеллект Азия».

Жоба аясында теміржол вокзалы ғимаратымен қатар, оған іргелес аумақты абаттандыру және жолаушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары да қарастырылған.