Аудан әкімінің Луговой ауылы тұрғындарымен кездесуі

Аудан әкімінің Луговой ауылы тұрғындарымен кездесуі

Бүгін аудан әкімі Е.Есіркепов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Луговой ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Е.Абуталипов, аудандық бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімі Ж.Өмірқұлов, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылған жобаларға жан-жақты тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған инвестициялық жобаларды атап өтті. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, білім беру нысандарын жөндеу, орталық көшені қайта жаңғырту, су ағар жүйелерін қалыпқа келтіру, сондай-ақ электр желілеріндегі ақауларды жою мәселелері бойынша аудан басшысы тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесу соңында Ернар Есіркепов 7 азаматты жеке қабылдап, 11 мәселе қарастырылды. Оның ішінде 2 мәселеге түсіндірме беріліп, 9 мәселе бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың толық шешілгенге дейін жеке бақылауына алынды.

Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында көтерілген бірқатар мәселелерді зерделеу арқылы олардың шешу жолдары нақтыланып, тиісті шаралар белгіленді.