Буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу – үштік одақ міндеті

Буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу – үштік одақ міндеті

Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, бала тәрбиесіндегі өзара әрекеттестіктің маңыздылығы, мектептегі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары талқыланды. Семинарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов, әкелер кеңесінің төрағасы М.Маңғұтов, Луговой ауылдық округі әкімінің орынбасары К.Абилов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Досымбеков, ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты.

Қатысушылар бала психологиясына теріс әсер ететін әрекеттердің алдын алуда отбасы, мектеп және қоғамның бірлесе жұмыс істеуі – уақыт талабы екенін атап өтті. Семинар барысында тәжірибелік тапсырмалар, сұрақ-жауап, пікір алмасу сессиялары өткізілді.

Бұл кездесу – мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді нығайтып, оқушылардың қауіпсіз дамуына жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам болды.