Луговой ауылында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Луговой ауылында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Луговой аулдық округі әкімшілі маманы, Жастар ресурстық орталығының жастар жөніндегі инспекторы және Аудандық орталық ауруханасының СӨСҚ (Салауатты өмір салтын қалыптастыру) дәрігерлерімен бірлесіп,
“Есірткісіз жарқын болашақ” тақырыбында Луговой ауылының Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің және М.Горький атындағы орта мектебінің оқушыларымен кездесу іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында есірткі заттарының адам ағзасына зияны, психикалық және физикалық тәуелділіктің қауіптілігі, сонымен қатар құқықтық жауапкершілік туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қолданудың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп оқушыларға брошюралар таратылды.