Шри-Ланкадан алтынмен оралған Таңатар Досымжан

Шри-Ланкадан алтынмен оралған Таңатар Досымжан

Ауылымыздың абыройын асырып, ел намысын асқақтатқан Таңатар Досымжан Алданышұлы 2025 жылдың 20–25 мамыр күндері аралығында Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды! 🥇

Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшымыз өз шеберлігін дәлелдеп қана қоймай, Жамбыл облысы құрама командасының мүшелігіне енді және спорт шеберлігіне үміткер атанды. Бұл – жас чемпионның маңдай тері мен қажырлы еңбегінің жемісі!

Жерлесіміздің бұл ерен жетістігі елеусіз қалмады. Т.Рысқұлов аудан әкімінің орынбасары Қ.Исмаил және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Альпеисов құттықтап, аудан әкімінің және ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің атынан теледидар мен тұлпар сыйға тартты. 🎁🐎