“Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары”

“Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары”

Луговой ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 20 мамыр күні Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай “Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары” атты әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды.
⚜️ Әдеби кеш Абай Құнанбаевтың “Ғашықтың тілі тілсіз тіл” атты сахналық қойылымымен ашылып, “Шабыт” би үйірмесінің “Шашу” биімен жалғасты.
⚜️ Іс-шара барысында Құлан ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Әліпбаев сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.
⚜️ Сондай-ақ, Абай өлеңдері оқылып, кеңінен тараған “Желсіз түнде жарық ай” әнімен музыкалық әдеби кеш өз мәресіне жетті.
⚜️Кешке келген қонақтар мен ауыл тұрғындары керемет кештің куәсі болдық деп өз ризашылықтарын білдірді.